Үздік оқушылар Жас патриоттар академиясының сапына қабылданды

Алматы облысында жас патриоттардың VI республикалық форумы аяқталды, деп хабарлайды 24KZ. Қорғаныс министрлігі мен Оқу-ағарту министрлігі бірлесіп ұйымдастырған іс-шараға елдің 500-ден астам үздік оқушы қатысты. Оқуда озат, тәртібі үлгі, ерлігімен көзге түскен оқушылар қазақстандық Жас патриоттар академиясының сапына қабылданды.

Айта кеткен жөн, Қонаев қаласындағы «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығы қалпына келтіріліп, балаларға қажетті спорт алаңдары салынып, алғашқы әскери дайындық және «робототехника» кабинеттері заманауи құралдармен жабықталды.

Арман Әсенов, ҚР Қарулы Күштері Ұлттық әскери-патриоттық орталығының бастығы:

- Алматы қаласындағы Армия үйі біздің филиалымыз болып есептеледі. Биыл онда жөндеу жұмыстары жүргізілді. Қорғаныс министрінің бастамасына бизнес қауымдастық өкілдері қызу қолдау білдірді. Өйткені ғимарат 45 жылдың ішінде әбден тозып кеткен еді. Бұл нысан алдағы уақытта да әскери-патриоттық бағытта тәрбие беретін оқушылар үйі ретінде жұмыс істейді.