Қазақстандық білім беру жүйесінің жетістіктері туралы жазба жарияланды

Британдық басылымда қазақстандық білім беру жүйесінің жетістіктері мен перспективалары туралы мақала жарияланды. University World News ақпарат алаңында Астанада өткен CONNECTED 2024 конференциясы жайлы баяндалды. Жазба авторы – Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек.

Ол өз мақаласында отандық ғылымды дамытып, ғаламдық білім беру жүйесіне үлес қосуды көздейтінін айтты. Министр: «Қазақстанды аймақтағы білім мен зерттеулер орталығына айналдыру арқылы біз әлемдік білім қорына үлес қосуды және бұл қадамның Қазақстан мен серіктестерімізге пайдалы болуын қалаймыз», – деді.