Елімізде жасанды интеллект орталығы іске қосылады

Астана Хаб халықаралық технопаркінің қазіргі қызметі және өзге де жобаларына кеңінен тоқталсақ. 

- Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылы Жасанды интеллект Ұлттық орталығын іске қосу туралы тапсырма бергені белгілі. Жоғарыда айтылған жасанды интеллект мектебіндегі тегін оқыту жүйесін осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстардың бірі деуге келе ме?

Әбетте бұл жұмыстарды бірі әрі бірегейі деп айтуға толық негіз бар. Мемлекет басшысының бастамасымен жасанды интеллект пен цифрландыруды дамыту шеңберінде Astana Hub халықаралық технопаркі алғашқы жасанды интеллект мектебін – Tomorrow School-ды іске қосты. Бұл жоба 2025 жылы мектеп оқушылары мен студенттердің, зерттеушілер мен кәсіпкерлердің басын қосатын Ұлттық жасанды интеллект орталығын құрудың бастамасы, тұғыры болмақ. 

Тіпті бүгінгі эфирге дайындық кезінде ресми сайтына кіріп, бағымды сынап көргем. Бірінші ойында жоғары ұпай жинағаныммен, екінші ойын мен үшін күрделілеу болды, оның үстіне тапсырманы соңына дейін орындауға берілген уақыты да ұзақтау - 1.30 сағат. Уақыттың тығыздығына байланысты екінші ойыннан уақытынан бұрын шығуға тура келді.

Астана Хаб халықаралық технопаркінде жасанды интеллектке негізделген басқа да жобалар бары бәрімізге белгілі. АйТи компаниялар мен стартаптарға тоқталсақ. Жоғары  жетістікке жеткен және шетелдік нарыққа шыққан қандай компанияларды атап өтуге болады. Олардың негізгі қызметі қандай?

Инвесторлардың назарына түсуге лайықты саналатын стартап-жоба көп. Мәселен, "Cerebra AI" стартапын айтуға болады. Диагностика бойынша отандық стартап таяуда ғана Шанхайдағы көрмеде таныстырылды. Компьютерлік томография бойынша инсульт белгілерін анықтау үшін инновациялық шешімдер әзірлеумен айналысады. Шетелдік нарықта да қызметін кеңейтіп жатыр. Қазақстандағы 47 инсульт орталығында бағдарламалық қамтамасыз етуді 700-ден астам нейрохирург пен невропатолог белсенді пайдаланады. Бұл технология тіпті Сауд Арабиясының ауруханаларында да енгізілген. Көрмеге қатысқан компания директорын тыңдап көрсек.

Қытай

Арман Оспанов, CEREBRA AI компаниясының директоры:

- Қытай біз үшін стратегиялық маңызды нарық. Біз мұнда жергілікті компаниялармен танысуға, өнімімізді көрсетуге әрі ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылауға келдік. Қытай технологияларды әзірлеу саласында көш бастап тұр. Сол себепті біз мұнда тәжірибе алмасып, бизнесіміздің көкжиегін кеңейте алатынымызға сенімдіміз.

Осы тұста сұрақ туындайды. Астана Хаб халықаралық технопарк аумағында қанша АйТи компания мен стартаптар тіркеулі? Оның ішінде тағы қандай сәтті жобалар бар? Оларға көрсетіліп жатқан кешенді қолдау қандай?

Astana Hub: жыл сайын 15 стартап кремний алқабына жіберіледі

Жалпы IT компаниялар мен стартаптар – 1500

Оның ішінде шетелдік компаниялар мен стартаптар - 400 

2018 жылы іске қосылған Астана Хаб халықаралық технопаркі бүгінде Орталық Азиядағы ең ірі технопарктердің бірі және бірегейі саналады. Қазір мұнда 1500-ға жуық АйТи компаниялар мен стартаптар тіркелген. Оның ішінде 400-ден астамы шетелдік компаниялардың қатысуымен жұмыс істеп жатыр. Оларға бірінші кезекте инфрақұрылымдық, визалық және салықтық қолдау көрсетіледі, кеңселер ұсынылады. Акселерациялық білім беру бағдарламаларына қатысады. 

Әсел Мизамқызы, Astana Hub халықаралық технопаркінің бас менеджері:

- Тек Қазақстанның деңгейінде ғана қалып қоймай, шетелдік нарыққа шығып жатқан біздің стартаптарымыз жетерлік. Мысалы Арлан Биотех деген стартапымыз бар. Бұл новаторлық технология және нано денелерді анықтайтын, қазіргі заманда ең жылдам нәтиже беріп жатқан технология. Және ол ЖИ-ге негізделген. 

Бұл жерде бір толықтыра кететін жайт, отандық стартап-жобаларға бірінші кезекте тек мемлекеттен ғана тікелей қолдау көрсетілу керек деген жоспар қойылмаған. Әр стартап бұл бизнес. Астана Хаб шетелдік инвесторды қызықтыруы мүмкін деген жобаларды халықаралық көрмелерге шығаруға көмектеседі. Сондай-ақ жыл сайын 15 стартапты АйТи әлемінің астанасы саналатын Кремний алқабына акселерацияға, даму барысын үдетуге және ауқымын кеңейтуге 6 айға жібереді.