Елде мектептердің 88% инклюзивті білім береді

Біздің елде мектептердің 88%, колледждердің 80% инклюзивті білім береді.

Басты талап – қолдауды қажет ететін балаларды қатарынан қалдырмай, жалпыға бірдей білім мекемелерінде оқытуды қамтамасыз ету.

Бұл орайда балаларға арнап арнаулы оқу бағдарламасы жасалып, қажет болса арнайы педагогтер көмектесіп отырады.

Елде ерекше қолдауды қажет ететін 203 мыңнан астам бала бар. Оның 137 мыңы мектеп жасындағы жасөспірімдер.Олардың қатарынан қалмай, білім алуы билік назарында. Қазір жауапты министрлік оқу ордаларында инвклюзивті білім беру ісін ілгерлетуде. Мәселен, 62 мың бала жалпыға бірдей мектептерде білім алады.

Жұлдыз Мұқашева, ҚР Оқу-ағарту министрлігі, Арнайы және инклюзивті білім беру департаментінің бас сарапшысы:
-
Бүгінгі таңда білім беру ұйымдарында 2 500 педагог-ассистент балаларға арнайы қолдау көсетуде. Білім беру орындарында мыңнан астам қолдау кабинеттері  ашылды. Онда 6 500 астам арнайы педагог түзету көмегін көрсетуде. Олар әр баланың қажеттіліктерін ескере отырып, білім беру бағдарламаларын бейімдеуде. 

Инклюзивті оқытуда нәтижелі жұмыс істеп келе жатқан білім мекемелерінің бірі – Астана қалалық №65 мектеп-гимназиясы. Онда ерекше қолдауды қажет ететін 105 оқушы бар.

Рауан Бақыт, М. Жұмабаев атындағы №65 мектеп-гимназиясы директорының орынбасары:
-
Қазіргі таңда 3 269 бала білім алуда. Оның ішінде ерекше білім беруді қажет ететін балалардың саны – 105 бала. Қазіргі таңда ол балаларға бүкіл жағдай жасалынған. Олармен бірге пән мұғалімдері, бастауыш сынып мұғалімдері жұмыс жасап жатыр және олардың қиындықтарын логопед, психолог, дефектелог педагог-ассистенттер жұмыс істеп жатыр.

Балалардың туа бітті кемшіліктерімен күресіп, қоғамға бейімделіп кетуі білім мекемелерінің басты назарында. Мұнда мүмкіндігі шектеулі балалар оқумен қатар, түзету курстарынан өтеді. Ол үшін арнайы кабинеттер жабдықталған.

Рауан Бақыт, М. Жұмабаев атындағы №65 мектеп-гимназиясы директорының орынбасары:
- Б
іздің мектепте 3 кабинетіміз бар, логопед, психолог, дефектолог кабинетіміз бар. Тағы еңбек денешынықтыру арнайы кабинетіміз бар. Ол жерде еңбек денешынықтыру инструкторымыз жұмыс жасайды. Одан кейін мектептің ішінде екі ғимаратта бізде лифт бар, пандустарымыз бар. Балалардың өз бетімен мектептің ішінде жүруге жағдай жасалған.

Тағдырлы бүлдіршіндердің ата-аналарымен де жүйелі жұмыс жүргізіледі. Оларға да психологиялық қолдау көрсетіледі.

Авторы: Шернияз Жалғасбекұлы