Семейдегі Ә.Бөкейхан университетінде жаңа кафедра ашылды

Семейдегі Ә.Бөкейхан университетінде жаңа кафедра ашылды

Абай облысы Полиция департаментімен бірлескен Семей қ. Затон ПБ базасында Alikhan Bokeikhan University заң факультетінің Қылмыстық-құқықтық пәндер кафедрасы филиалының ашылу рәсімі өтті.

Бұл қадам университет пен әлеуметтік серіктес арасындағы ынтымақтастықтың жаңа кезеңін жүзеге асыру аясында қолға алынды. Оның басты мақсаты – білім алушылардың кәсіби білімін игеру процесінде киберқауіпсіздік саласындағы жасанды интеллектті пайдаланумен байланысты тәжірибеге бағытталған әдісті енгізу.

Филиалдың ресми ашылу рәсімі Alikhan Bokeikhan University президенті Құрманбаева Шырын Асылханқызы және ҚР ІІМ Абай облыстық Полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Сұлтан Бектөре Жеңісбайұлының қатысуымен өтті.

Ашылу салтанатына Абай облысының ПД бастығының орынбасары полиция полковнигі Закимов Елдос Дәулетқазыұлы, Абай облысының ПД тергеу басқармасының бастығы полиция полковнигі Әділбеков Сунгат Маратұлы, Абай облысының Полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Акильбеков Дәулет Серікұлы, Семей қаласы полиция басқармасының бастығы полиция полковник Әбдіғалиев Қайрат Бакитұлы, ABU вице-президенті Құрманбаева Жанна Асылханқызы, ABU ректоры Қойчубаев Александр Сергеевич, ABU Оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректор Жарыкбасова Клара Сауыққызы, ABU ЗФ деканы Сәбитов Серік Мұхаметқазыұлы, ЗФ ABU қылмыстық-құқықтық пәндер кафедрасының меңгерушісі Байгундинов Ельдос нағымбайұлы.

Филиалдың ашылуы аясында білім алушылар IT-технологиялар саласындағы қылмыстық құқық бұзушылықтарды тергеп-тексеретін қылмыстық қудалау органдарының тәжірибелі қызметкерлерімен тікелей өзара іс-қимыл жасау, сондай-ақ филиал базасында өндірістік тәжірибеден өту мүмкіндігіне ие болады. Сонымен қатар студенттер қылмыстық істерді электронды форматта тергеу бойынша қолданбалы дағдылар мен қабілеттерді меңгереді. Заманауи техникалық құралдармен жабдықталған филиалдың оқу кешені оқу үдерісінің барлық талаптары мен стандарттарына сай келеді. Бұл студенттерге қажетті тұрақты білім алуға мүмкіндік беріп, ҚР ІІБ болашақ қызметкерлерінің кәсіби қасиеттерін қалыптастыруға ықпал етеді.