Астанада «IV Ұлттық ректорлар мектебінің» форумы өтіп жатыр
Елордада «IV ректорлар мектебінің» форумы өтіп жатыр, деп хабарлайды 24KZ. «Ulttyq USTAZ онлайн академиясы» жобасы шеңберінде өтетін шара қабілетті білім беру көшбасшыларының басқарушылық құзыреттерін дамытуға бағытталған. Бұл жасанды интеллект дәуірінде жоғары оқу орындарының жаңа моделін қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ ректорлар мектебі аясында екінші «Декандар мектебі» өтеді. Жиынға білім беру саласындағы шетелдік сарапшылар, мемлекет және қоғам қайраткерлері қатысып жатыр.
Гүльмира Құрғанбаева, «Ulttyq USTAZ онлайн академиясының» негізін қалаушы:
- Қазіргі таңда жасанды интеллект әрбір адамның өміріне өз әсерін тигізіп жатыр. Ал жоғары оқу орындары білім беру процесін трансформациялау бағытында ЖИ технологияларын жүзеге асырудың негізгі қозғалтқыштарына айналып келеді. Қазіргі заманғы университеттер ЖИ-ды оқу үдерісіне белсенді түрде енгізіп студенттерге жоғары технологиялық әлемде жұмыс істеуге қажетті дағдыларды дамытуға мүмкіндік беріп отыр. Әрбір студент ақылды жүйелердің әртүрлі құралдарын пайдалану арқылы білім сапасын жақсартып, оның қолжетімділігін арттыруға ықпал етеді. Сондықтан бұл форум жоғары оқу орындарының ілгерлеуіне өз септігін тигізеді.