Жамбыл облысында мектеп асханаларынан көптеген кемшілік анықталды

Жамбыл облысында талапқа сай жұмыс істемеген мектеп асханаларынан жүзге тарта кемшілік анықталды.

Бұл мәліметті жергілікті эпидемиолог мамандар мәлімдеді.

Былтыр аймақта 84 бала астан уланып ауруханаға түскен еді. Мұндай жағдайдың алдын алу үшін жауаптылар қандай шара қолға алып жатыр?

Жамбыл облысындағы 491 білім ордасын 39 жеке кәсіпкер ыстық аспен қамтамасыз етеді. Мектеп асханаларына арналған бірыңғай талап пен мәзір бекітілген. Ағарту ошағының медбикесі мен технологы күнделікті тағамдарды бақылап отыруы тиіс. Әр күнге берілетін ас та технологиялық картаға сай болуы керек. 

Рахат Сүттібаева, технолог:

- Балалардың ағзасына өте керекті дәрумендер белок болу керек. Одан кейін кальций да болу керек. Кальцийдан басқа ет өнімі болу керек. Скл Дәруменге өте мол тағамдарды беруге тырысып отырамыз. Талаптарды орындаймыз. 

Былтыр Байзақ ауданында мектеп оқушылары астан ұшынып жаппай ауруханаға түскен. Бұған үш бірдей аспаздың тазалық сақтамауы салдарынан стафилококк бактериясы мектеп асына түсуі себеп. Сондықтан мердігерге 1 миллион теңгеден аса айыппұл салынып, асханаларға деген талап күшейді. Биылғы оқу жылында әр мектепте брокеражды комиссия құрылып, облыстық білім басқармасында ведомствоаралық сараптамалық топ жасақталды. Олар өңірдегі барлық мектепті тексеріп шықты. 

Перизат Шәкір, облыстық білім басқармасының бас маманы:

- Тексеру нәтижесінде бізде 56 мектеп директорына, 8 директорыдың орынбасарына, 52 әлеуметтік педагогке сөгіс және ескерту түріндегі тәртіптік шаралар қолданылды. Жиын өткізіліп аталған кемшіліктер бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, Скл  кемшіліктер қайтадан орын алмауы бойынша тапсырмалар берілді.

Ағарту ошағындағы тағамның қауіпсіз болуына өңір прокурорлары мен эпидемиологтары да мүдделі. Олар биыл 149 мектепті жоспардан тыс тексеріп, 92 бұзушылық анықтаған. Тазалық талаптарын сақтамаған тағам жеткізушілеріне 10 миллион теңге айыппұл салынды. 

Салтанат Әлібаева, облыстық санитарлық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары:

- Ауыз су режимі бұзылады. Өнімнің сапасы мен қауіпсіздігін растайтын құжаттары жоқ болуы кіреді. Менюдің талаптары Скл сусындар сатуға бізде тиым салынған ғой сондай болған жағдайда. Тағамның сапасы сәйкес келмеуі. Сондай сондай жағдайлар бойанша оның бәріне сараптама жүргізіліп әкімшілік құқық бұзушылықтың 425 бабымен 802-тармаққа сай біз Скл әкімшілік хаттама толтырып айыппұл салдық.

Басты мақсат жазалау емес, асханаларда келеңсіз жағдайдың қайталануына жол бермеу, дейді жауаптылар. Сондықтан санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мамандары өткен жылдан бері тағамға жауапты қызметкерлермен жеке кездесу өткізе бастаған.

Мерей Бает, Бақытжан Бапаев, Тимур Сейілхан