Ауылдан шыққан білімді өрендер марапатталды

Ауыл балаларына арналған II республикалық олимпиадаға 100 мың оқушы қатысты.

Соның мыңы ақтық кезеңге өтті. Оқушылар математика, физика, химия, биология, география және информатика пәндерінен білім жарыстырды. Ал қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша сайыстар 10-14 желтоқсан аралығында өтеді. Жеңімпаздарға диплом табысталады. Үздік нәтиже көрсеткен өрендер елдегі ЖОО ректорларының грантына ие болады. 

Ғаждембек Тұрсынов, "Дарын" республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры:

- Ауылдың оқушылары жалпы өзіміздің халықаралық не болмаса, республикалық пән олимпиадаларына қатысқан кезде НЗМ, одан қалды білім-инновация лицейлері бар, елімізде 130-дан аса дарынды балаларға арналған арнайы мектептеріміз бар. Осында оқитын балалардың бағдарламасы басқа, ауылдың оқушылары өзіміздің стандартты бағдарламамен білім алады. Осындай айырмашылықты шешу үшін, бәсекелестікті дұрыс қалыптастыру үшін бұл олимпиада жеке ауыл оқушыларына арналған олимпиада болып анықталды.