М. Әшімбаев жас зерттеушілер форумында сөз сөйледі
Соңғы 4 жылда Қазақстанда ғылымды қаржыландыру көлемі үш еседен астам өсті.
Саланы дамыту бағытындағы жұмыс жалғаса береді. Бұл туралы Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев ((Young Researchers Alliance)) Янг ресерч эланс қауымдастығы ұйымдастырған Жас зерттеушілер форумында мәлімдеді. Ол өз сөзінде, Қазақстан үшін ғылымды және ғылымға негізделген экономиканы дамыту стратегиялық маңызға ие екенін айтты. Сонымен қатар палата Спикері, Мемлекет басшысының жас ғалымдарды жүйелі қолдауға және отандық ғылымның әлеуетін арттыруға әрдайым баса мән беретінін атап өтті. Форум барысында сарапшылар саладағы өзекті мәселелер мен проблемаларды кеңінен талқылап, сындарлы диалог құрды. Соның нәтижесінде елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы аясындағы ортақ міндеттер айқындалды.
Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы:
«Әділетті Қазақстанда ғылым, инновация және жаңа технология елдің орнықты дамуының негізі ретінде қарастырылады. Мемлекет басшысының бастамасымен Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңестің құрылуы соның жарқын көрінісі. Кеңес ғылыми және технологиялық даму саласында тиімді стратегиялық маңызды шешімдер қабылдауды қамтамасыз етеді. Ұлттық ғылым академиясының институционалдық рөлі де айтарлықтай нығайды. Алдағы уақытта бұл институт ғылыми қоғамдастық табан тірейтін маңызды негізге айналуға тиіс. Соңғы 4 жылда Қазақстанда ғылымды қаржыландыру үш еседен астам өсіп, 80 млрд теңгеден 250 млрд теңгеге жетті».