Ғалымдар жаңа ауыл шаруашылығы техникаларын құрастырып жатыр

Отандық ғалымдар климаттың өзгеруіне байланысты жаңа ауыл шаруашылығы техникаларын құрастыруды қолға алды, деп хабарлайды 24KZ. Шәкәрім университеті жанындағы инновацияларды дамыту орталығының жетекшісі Әділет Сүгірбай елміздің ауа райына бейімделген тұқым себу машиналарын ойлап тапты. Оның айтуынша, қазір егін шаруашылығына тың тәсілдерді енгізу керек. Агроөнеркәсіп саласындағы өзекті мәселелер Петропавлда өткен ғылыми-технологиялық сессияда талқыланды. Жиынға сарапшылар, кәсіпкерлер мен ғалымдар қатысып, зерттеу жұмыстарымен бөлісті.

Әділет Сүгірбай, Шәкәрім университеті жанындағы инновацияларды дамыту орталығының жетекшісі:

- Әрине, шетелдік техникалар қолданып жатыр. Қытайлық болсын, америкалық болсын, еуропалық машиналар болсын, барлығы қолданып жатыр. Бірақ та бізге Қазақстанның ауа райына икемделген ауыл шаруашылығы машиналары керек. Мысалға, картоп отырғызатын машина жасау, көшет отырғызатын машина, жүгері, бидай отырғызатын машиналар жұмысын жасап жатырмын.