2029 жылға дейін жыл сайын он мың орындық жатақхана пайдалануға беріледі
Елде жыл сайын 10 мың орындық жатақханалар пайдалануға беріледі.
Бұл 2029 жылға дейінгі меже. Ал өткен жылы 11 096 орын студенттердің игілігіне берілді. Мемлекеттік тапсырыс мөлшері Алматыда 144-тен 230 айлық есептік көрсеткішке дейін, Астана қала және елдің өзге өңірлерін қоса алғанда 122-ден 195 айлық есептік көрсеткішке дейін ұлғайтылды. Нысандарды жатақхана ретінде қайта жасақтағандар үшін өтемақы көлемі 92-ден 182 айлық есептік көрсеткішке дейін артты. Қазір Астана мен Алматы қалаларында жатақханаларды уақтылы алу бойынша консультациялық қызметтер көрсететін жобалық фронт-офистер жұмыс істейді. Биыл тиісті санатқа жататын азаматтарға оқу кезеңінде ЖОО жатақханаларында тұрғаны үшін 100 050 теңге мөлшерінде өтемақы төлеу жалғасады.
Жатақхана салуға мемлекеттік тапсырыс:
(2024)
Алматы - 144 АЕК-тен 230 АЕК-ке дейін↑
Астана және өзге өңірлерде - 122 АЕК-тен 195 АЕК-ке дейін↑