Атыраудағы мектептің оқушылары қашықтан оқуға мәжбүр

Атырау қаласындағы №37 Салық Зиманов атындағы орта мектептің оқушылары қашықтан оқуға мәжбүр.

4 қаңтар күні мектеп ғимаратында  жарық өшіп қалған.  Электр желісі әлі күнге қалпына келтірілген жоқ. Соның салдарынан  оқушылар үшінші тоқсан басталғалы онлаин оқыту жүйесіне көшірілді. Бүгінде апатты учаскеде  жөндеу жұмыстары жүруде. Мамандар мектепке жер астымен келетін 80 метрлік электр желісінің 4 жерден үзілгенін анықтады. Қазір қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр. Ал әлеуметтік желіде тараған мектеп ғимараты жылусыз қалды деген ақпарат шындыққа жанаспайды,-дейді сала мамандары.

Марат Әбуов, облыстық білім беру басқармасының басшысы:

- Қазіргі уақытта мектептің тарапынан ЖШС-мен жұмыс істеу бағытында «Атырау-Жарық» мекемесінің анықтаған ақаулықтарын арнайы мемлекеттік сатып алумен келісім шартқа отырып, 80 метр  жерде жөндеу жұмыстарын бастады. Жақын арада қосылатын болады. Жылу жүйесі ешқандай тоқтаған жоқ. 4 қаңтардан бері сол қалпында жұмыс жасауда. Себебі, мектепте электр генераторы бар.