Қазақстанда оқып жатқан шетелдік студент саны 31 мыңнан асты

Қазақстанда білім алып жатқан шетелдік студенттердің саны 15 пайызға өсіп, 31 мыңнан асты.

Биыл ел тарихында алғаш рет Азия елдерінен келген азаматтардың саны ТМД студенттерінен көп. Жалпы, отандық университеттерде 93 елдің азаматы оқып жатыр. Бүгінде 30-дан аса шетелдік білім ұйымдары Қазақстанда өз филиалын ашуға келісті. Құзырлы министрлік саладағы серпілісті осымен байланыстырады. Шетелдік серіктестер әр өңірдегі университеттің мамандануы мен ғылыми әлеуеті ескеріле отырып айқындалған. Қазіргі таңда 12 мемлекеттің білім ордасымен ынтымақтастық орнады. Студенттерді қабылдау, білім беру бағдарламалары, оқыту тілі, осы серіктестердің стандарттары бойынша жүзеге асырылады. Сондай-ақ, бұл ықпалдастық экономикалық өсімге мүмкіндік береді. Мәселен, ((De Montfort University)) Де Монтфорт Юниверсити 16 миллион доллар, ал ((Coventry University)) Кавентри Юниверсити 50 миллион доллар инвестиция құйып, білім беру инфрақұрылымын дамытуға ықпал етті. Айта кетейік, мұндай оқу орындарында, ең алдымен, тапшы мамандықтар оқытылады.

Саясат Нұрбек, ҚР Ғылым және жоғары білім министрі:

- Былтыр 23 мықты шетелдік университеттердің филиалы ашылды Қазақстан. Биыл 11 филиал ашу жоспарымызда. Бірінші Астана қаласында Кардиф университетінің кампусы ашылады. Өте мықты, Ұлыбританияның ең жетекші зерттеуші университеті. Атақты Рассл тобына кіреді. Ең үлкен мықты жаңалығымыз Оксфордтағы ең көне коледждердің бірі - Магдален колледж. 1458 жылы құрылған. Оксфорд тарихында тұңғыш рет сондай шешім қабылдап - Қазақстанда филиал ашуға келісті.