Ақтөбедегі шетелдік оқу орнының филиалында Өзбекстан мен Ресей талапкерлері білім алғысы келеді

Ақтөбедегі Құдайберген Жұбанов атындағы университет жанынан құрылған Хериот Уатт кампусының ашылғанына екі жыл болды.

Биылғы оқу жылында Өзбекстан мен Ресейден талапкерлер құжат тапсырған. Университет оқытушысы Тайтус Охайа Окака Қазақстанды халықаралық дәрежедегі жоғары оқу орындары шоғырланған Орта Азиялық хабы, дейді. Себебі студенттер Ақтөбе отырып, Эдинбург пен Малазия, Дубай кампустарында оқытылатын сапалы білімге қол жеткізе алады.

Тайтус Охайа Окака, Heriot-Watt Университеті кампусының аға оқытушысы:

- Біздің кампусты таңдаған студенттер әлемдегі жетекші университеттің бірінде білім алады. Себебі оқу орны заманауи талаптарға сай жарақталған. Ғылыми жұмыстарға арналған зертханалар, техникалық мамандықтарға қажетті компьютерлер де түрлі жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Сондықтан шетелдік студенттер қатары арта түседі.