Қазақстан мен Ресей арасында 24 ғылыми жоба іске асып жатыр

Қазақстан мен Ресей жоғары білім беру саласында да берік ынтымақтастықты жалғастырып келеді, деп хабарлайды 24kz.

Өткен оқу жылында Ресейде 60 мыңға жуық қазақстандық студент, ал Қазақстанда 1655 Ресей Федерациясының азаматы оқыды. Қазіргі таңда екі ел университеттері арасында 1683 шарт жасалды. Мұнымен қоса, 29 бірлескен білім беру бағдарламасы, 94 қос диплом бағдарламасы және 24 ғылыми жоба іске асып жатыр. Әріптестік бастамалар білікті мамандарды даярлауға ықпал етеді. Академиялық ұтқырлықты арттырып, ғылыми ынтымақтастықты нығайтуға негіз болмақ.