Мектептерде «111» байланыс орталығының QR-кодтары іске қосылды
Елдегі барлық мектеп пен колледжде «111» байланыс орталығының QR-кодтары іске қосылды. Бұл жайында Оқу-ағарту министрлігінің телеграм-каналы хабарлады.
Бастама еліміздегі Бала құқықтары жөніндегі уәкілмен бірлесе қолға алынған. Мақсаты – балалар құқықтарын қорғауда құқықтық, ұйымдастырушылық және психологиялық көмек көрсетуі. Енді оқушылар «111» бірыңғай нөміріне қоңырау шалумен қатар, QR-код арқылы өтініш білдіре алады. Бұндай тақтайшалар білім беру ұйымдарымен қоса,, балалар үшін қолжетімді орындарда, автобус аялдамаларында да орналасқан. Бұл қолдауға жүгіну процесін айтарлықтай жеңілдетеді, - дейді мамандар. Былтыр «111» байланыс орталығына балалардан 1000-ға жуық өтініш түскен. Барлық хабарлама бойынша мемлекеттік органдармен бірлесе көмек ұйымдастырылды.