Еліміздің тоғыз өңірінде ауа райы туралы ескерту жарияланды
Елімізде ертең күн суытады.
Қазгидрометтің хабарлауынша, солтүстік, орталық және шығыс өңірлерінде найзағай ойнауы мүмкін. Солтүстіктен соққан желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Салдарынан сынап бағанасы 2 градусқа дейін төмендейді. Оңтүстікте де найзағай онау қаупі бар. Тіпті Алматы облысында бұршақ күтілуде. Жел күшейетіндіктен өрт қаупі де басым. Сондай-ақ батыс пен шығыстағы ағайынға да абай болу қажет.
«Бұл өңірлерде найзағай жарқылдап, таулы жерде бұршақ жауады», - дейді синоптиктер.