17 желтоқсанда Астанада бірінші ауысымның 0-6 сынып оқушылары онлайн оқиды
Бұл туралы Астана қаласының білім басқармасы хабарлады.
2025 жылғы 17 желтоқсан күні ауа райының қолайсыздығына байланысты бірінші ауысымның 0-6 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылады, делінген хабарламада.