Мамыр мерекелеріне 16 мың қосымша пойыз орны бөлінеді

Фото: ҚТЖ

Мамыр мерекелері қарсаңында жолаушылар ағынының артуына байланысты ұлттық тасымалдаушы қосымша пойыз орындарын ұсынады, деп хабарлайды «24KZ».

 6–11 мамыр аралығында сұранысы жоғары бағыттардағы пойыздар құрамы 175 қосымша вагонмен толықтырылады. Нәтижесінде жолаушыларға шамамен 16 мың қосымша орын беріледі.

Қабылданған шаралар мереке күндері жол жүру билеттерінің қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған.

Қосымша орындар келесі бағыттар бойынша ұсынылады: Астана, Алматы, Павлодар, Түркістан, Атырау, Пресногорьковская, Семей, Петропавл, Қызылорда, Ақтөбе, Маңғыстау, Қазалы, Саратов, Жезқазған, Сарыағаш, Новосибирск, Өскемен, Қарағанды және Балқаш.

Жолаушылар билеттерді комиссиясыз bilet.railways.kz ресми сайтынан, сондай-ақ «Жолаушылар тасымалы» АҚ кассаларынан сатып ала алады.

Қосымша ақпаратты 1433 тегін нөмірі арқылы немесе «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның Instagram желісіндегі ресми парақшасынан алуға болады. Сонымен қатар пойыздар қозғалысы туралы өзекті мәліметтер tablo-railways.kz сайтындағы онлайн-тақтада қолжетімді