Елімізде көкөніс арзандады
Елде әлеуметтік маңызы бар көкөніс арзандады.
Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлімдеді. 9 қыркүйектегі жағдай бойынша бір аптада картоп құны 7 пайызға жуық төмендеді. Сондай-ақ пияз 5,9, сәбіз 4,5 пайызға арзандады. Қазіргі уақытта республика көлемінде картоптың орташа бағасы келісіне 217 теңге болса, пияздың құны 156 теңге, сәбіздің келісі 227 теңгеге бағаланып отыр. Көкөніс құнының арзандауына Үкімет қолға алған шаралармен қатар орақ науқанының да әсері зор. Мұның алдында да айттық, елде 2,6 млн тонна көкөніс, 1,8 млн тонна картоп пен 1,9 млн тонна бақша дақылдары жиналды. Ауыл шаруашылығы министрлігінің хабарлауынша, бұл ішкі нарықты қамтамасыз етуге жеткілікті.
КӨКӨНІС БАҒАСЫ
Картоп – ↓6,9%
Пияз – ↓5,9%
Сәбіз – ↓4,5%
Картоп – 217 ₸/кг
Пияз – 156 ₸/кг
Сәбіз – 227 ₸/кг
ЖИНАЛҒАН ӨНІМ КӨЛЕМІ
Көкөніс – 2,6 млн тонна
Картоп – 1,8 млн тонна
Бақша дақылдары – 1,9 млн тонна