Транспорт және логистика. Бас қаладағы қоғамдық көлік жүйесі

Astana.gov.kz

Бүгінде елордалық қоғамдық көліктер жалпы ұзындығы 3,5 мың шақырым болатын 81 бағдар бойынша жұмыс істейді. Күніне 875 мың жолаушы қоғамдық көлік қызметін пайдаланады екен. Осы орайда қаладағы кептеліс пен жолаушыларға сапалы қызмет көрсету бойынша қала билігі кешенді жобаны енгізу жұмыстарын қолға алды. Солардың бірі жаңа автобустарға орнатылған «ақылды» құрылғылар десек те болады. Астананың қоғамдық көлік қызметі жайын толығырақ осы шығарылымда сөз етеміз.