ШҚО-да боранға байланысты тасжолдардың бірі жабылды

ШҚО-да боранға байланысты тасжолдардың бірі жабылды

Шығыс Қазақстан облысында боранға байланысты тасжолдардың бірі жабылды, деп хабарлады ҚазАқпарат.

«Қазақавтожол» ЖШС ШҚОФ мәліметіне сүйенсек, өңірде ауа райының нашарлауына байланысты (боран, көктайғақ) 3 ақпанда сағат 19:00-ден бастап республикалық маңызы бар Омбы – Майқапшағай тасжолының 733-587 шақырымы (Семей қаласы мен Павлодар облысының аралығы) көліктің барлық түрлері үшін жабылды.

Осы ретте Шығыс Қазақстан облыстық Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарға алыс сапарға шықпауға, жолдардың жай-күйін «Дәрмен» мобильді қосымшасы арқылы тексеріп отыруға кеңес береді.