Күнді мыңдаған серіктері айналып жүреді

Күнді мыңдаған серіктері айналып жүреді

Күнді мыңдаған серіктері қоса айналып жүреді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар галактикалық өлшем бойынша бір-біріне жақын орналасқан. Ресейлік астрономдар бұл құбылысты 60 жыл бойы бақылап келеді. Олар 1940 жылдары Адольф Гитлер, Бенито Муссолини сыйлаған телескоптың көмегіне сүйенеді. Астрономдар әлем ғалымдарының галактиканы 200 жылдық зерттеу нәтижесін де пайдаланған. Аспанда жұлдыздар әртүрлі шоғырға бірігіп, бір-бірімен өте тығыз байланыста болып, жаратылады екен.

Игорь Измайлов, астроном:

- Күн де бірнеше мыңдаған жұлдыздың ортасында пайда болған. Оның да маңайында серіктері бар. Күн 4 миллиардтан астам уақыт бұрын жаратылған. Ол галактиканың орталығын айналып жүреді.