Елордадағы Бөкейхан көшесінің учаскесінде қозғалыс жартылай жабылды

Елордадағы Бөкейхан көшесінің учаскесінде қозғалыс жартылай жабылды
Елорда әкімдігі

Нұр-Сұлтан қаласында Бөкейхан көшесінің учаскесінде жол төсемін орташа жөндеу жұмыстары басталды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Елордалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Нұр-Сұлтан қаласы ПД әкімшілік полиция басқармасының келісімімен жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Бөкейхан көшесінде жол төсемін орташа жөндеу жұмыстарын бастады. Осыған байланысты биыл 26-29 тамыз аралығында Ұлы дала даңғылынан бастап Әбіш Кекілбаев көшесіне дейінгі учаскеде көлік қозғалысы үшін қозғалыс ішінара жабылатын болады.

«Қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін елорда тұрғындары мен қонақтары қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз және жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне түсіністікпен қарауды сұраймыз», – делінген басқарма хабарламасында.