Өскемен әуежайына кейбір әуе компаниясының ұшақтары қонбай жатыр

Қайта жөндеуден өткен Өскемен әуежайына кейбір әуе компаниясының ұшақтары қонбай жатыр.

Қазір Нұр-Сұлтан мен Алматыдан келетін әуе кемелері бұрынғыша Семейге аялдайды. Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ұшақтардың қонбауын әуе компанияларының ішкі мәселесімен байланыстырады. Қазір ұшақтарға арналған аэронавигациялық мәліметтер өзгерген. Соған сәйкес, әуежайдағы ұшу-қону жүйесінің жаңартылған координаттарын ішкі қауіпсіздік ережелеріне сілтеме жасай отырып, әуе тасымалымен айналысатын авиакомпаниялардың бәріне жіберген. Алайда бұл координатты әуе компаниясы әлі қабылдамаған. Өскемен әуежайы мен оған ұшып-қонудан бас тартқан компания мәселені бірлесіп шешу жөнінде келісіп жатыр. Ал жөндеуден өткен ұшу алаңына Қазақстанның авиация әкімшілігі рұқсат берген.

Нұржан Жұмәділов, облыс әкімінің орынбасары:

- Жалпы жұмыстың орындалған сапасы өте жақсы. Қазақстанның авиациялық АҚ келіп тексеру өткізіп, қазіргі уақытта ұшып қонуға сертификат берілді.