Таңғы асқа арналған бутербродтар несімен қауіпті

Таңғы асқа арналған бутербродтар несімен қауіпті
Лайфхакер

Таңертең әркімнің толыққанды таңғы асқа уақыты бола бермейді. Сондықтан көбі тез дайындалатын бутерброд жегенді жөн көреді.

Алайда гастроэнтеролог бұл тағам түрін қауіпті деп санайды.

Ол сары май мен ірімшік қосылған классикалық бутербродта холестерин мен триглицеридтердің көп мөлшері бар екенін ескертеді, бұл қан тамырлары атеросклерозының тез дамуына ықпал етеді, яғни жүрек пен ұйқы безінің жұмысына кері әсері бар.

Дәрігер бұл тіскебасардан толық бас тартпасаңыз да, оны өсімдік тектес тағамдармен әртараптандыру керек екенін айтады.

«Күніне үш тағамның екеуі вегетариандық болғаны жөн», – деп қорытындылады гастроэнтеролог.

Ақпарат көзі: golos.ua