Еліміздің 8 өңірінде ескерту жарияланды

30 қаңтарда Алматы мен Жамбыл облысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында тұман мен көктайғақ болады, деп хабарлайды Хабар 24.

Батыс Қазақстан, Түркістан және Қызылорда облыстарында тұман болады деп хабарлайды «Қазгидромет». Синоптиктердің болжауынша, Қарағанды, Шығыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарында бұрқасын болуы мүмкін. Ал елордада күндіз күн ашық, сынап бағанасы минус  8 градусты көрсетеді.

Ауа райының бұзылуына байланысты Қарағанды облысында Қызылорда-Павлодар жолы жабылды. Дәлірек айтсақ, Қызылорда облысының шекарасынан Жезқазған қаласына дейінгі жол учаскесі жабық. Көліктің барлық түріне жолда жүруге тыйым салынды.