Грейпфрут несімен пайдалы?

Грейпфрут несімен пайдалы?
market-da.ru

Диетолог грейпфрутты не үшін жиі жеу керектігін, сондай-ақ бұл жеміс құтқаратын аурулардың тізімін айтты, деп хабарлайды «Хабар 24» golos.ua сілтеме жасап.

Грейпфрут витаминдер мен микроэлементтерге бай. Әсіресе С дәрумені мен кремнийге толы. Бұл жеміс иммундық жүйені нығайтып қана қоймай, коллаген синтезін арттырады.

Жеміс құрамында бірқатар фитохимиялық зат бар, яғни олар қартаюды бәсеңдетеді. Сонымен қатар нарингенин ісікке, вирусқа, бактерияға және қабынуға қарсы әсерге ие. Жүрек пен қан тамырларының жағдайын жақсартады.

Грейпфрутта бар нобилетин семіздік, атеросклероз, инсулинге төзімділік үшін пайдалы. Геспередин-антиоксидант аллергияға қарсы әсер етеді, қан тамырларын нығайтады, тамырлардың серпімділігін арттырады.

«Грейпфрут өт тоқырауына және асқазан сөлінің қышқылдығының төмендеуіне көмектеседі, өйткені ол ас қорыту шырындарының өндірісін ынталандырады. Жеміс құрамындағы талшық ішекке пайдалы», - деп атап өтті диетолог.

Дегенмен бұл жемісті шектен тыс пайдаланбаған жөн. Оның белсенді заттары организмдегі көптеген заттарды детоксикациялауға қажетті ферменттердің әсерін тежейді.