Қарағанды облысында бірқатар жол жабылды

Қарағанды облысында бірқатар жол жабылды
иллюстративті фото / 24.kz

Қарағанды облысында бірқатар жолдар жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

13 ақпан күні Қарағанды ​​облысының солтүстігінде, солтүстік-шығысында, орталығында және оңтүстік-шығысында қалың қар жауып, жел күшейіп, боран соғып тұр. Осыған байланысты сағат 14:30-дан бастап республикалық маңызы бар бірқатар жол учаскелерінде көліктің барлық түріне қозғалыс жабылды.

Олар: «Қызылорда – Павлодар» (Қарағанды ​​– Павлодар облысының шекарасы); «Екатеринбург – Алматы» (Қарағанды ​​– Ақмола облысының шекарасы, Қарағанды ​​– Ақсу-Аюлы ауылы және Қарағанды ​​қаласының Солтүстік-Шығыс айналма жолының учаскесі). Төтенше жағдайлар департаментінің күш-құралдары адамдарды құтқару үшін екі мәрте жолға шықты. Нәтижесінде 4 адам құтқарылып, 2 автокөлік тазартылған аумаққа сүйреп шығарылды.