Елордада боран мен екпінді жел күтіледі

Елордада боран мен екпінді жел күтіледі

«Қазгидромет» РМК 12-15 ақпан аралығында Нұр-Сұлтан қаласында қар, 14 ақпанда қар, боран және екпінді жел күтіледі деп хабарлайды.

12 ақпанда көшпелі бұлт шығады, кейде қар жауады, боран соғады. Оңтүстік-шығыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с дейін жетеді, ауа температурасы түнде 15-17, күндіз 4-6 градус аяз болады.

13 ақпанда көшпелі бұлт шығады, кейде қар жауады, бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан 9-14 м/с жел соғады, екпіні 15-20 м/с дейін жетеді, ауа температурасы түнде 8-10, күндіз 3-5 градус аяз болады.

14 ақпанда көшпелі бұлт шығады, түнде қар, күндіз қатты қар жауады. Боран. Оңтүстік-батыстан 9-14 м/с жел соғады, екпіні 15-20 м/с дейін жетеді, ауа температурасы түнде 6-8, күндіз 1-3 градус аяз болады.