Қазгидромет: 19 наурызда еліміздің біраз аймағында тұман болады

Қазгидромет: 19 наурызда еліміздің біраз аймағында тұман болады
Хабар 24

Бұл күні жалпы республика аумағында тұман болып, оңтүстік-шығыста жел күшейеді, көктайғақ болуы мүмкін.

«Қазгидромет» болжамына сәйкес, 19 наурыз күні Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады. Ал елдің шығысы жауын-шашынды болмақ. Жамбыл облысының оңтүстік-шығысында, солтүстік-шығысында және таулы аумақтарында тұман, көктайғақ болады деп болджанған. Таулы аудандарда желдің екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді. Алматы облысының солтүстік және таулы аумақтарында тұман болжанады. Солтүстік-шығыста желдің күші 15-20 м/с артады. Ақмола, Павлодар, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Қызылорда облыстарында, сондай-ақ Атырау, Солтүстік Қазақстан облыстарының батысында, Қостанай облысының солтүстік-батысында, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде тұман болады. Түркістан облысында түнде және таңертең тұман байқалады.