Елімізде күн райы күрт құбылады

Елімізде күн райы күрт құбылады

Бүгін еліміздің 10 өңірінде күн райы күрт құбылады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Синоптиктердің болжауынша, оңтүстік пен солтүстік аймақтарда дауыл тұрып, жаңбыр жауады. Ал батыста қалың тұман түседі. Еліміздің бірқатар облысында екпінді жел соғады. Қостанай, Қызылорда, Түркістан өңірінің тау бөктерінде найзағай ойнап, дауыл тұрады.