Құрбандықты онлайн шалуға арналған сайт іске қосылды

Қазақстанда құрбандық шалудың онлайн-рәсімін өткізуге арналған арнайы сайт іске қосылды.

Ниет білдіргендер құрбандыққа шалынатын малды qurban2022.kz сайты арқылы онлайн режимде таңдап, қаражатты көрсетілген деректемелерге аудара алады. Мал сойылғаннан кейін фото және бейнеесеп тапсырыс беруші көрсеткен WhatsApp номерге жіберіледі. Естеріңізге сала кетейік, биыл Құрбан айт шілденің 9, 10 және 11 күндеріне келіп тұр.