Қазақстанның басым бөлігінде жауын жауады

Қазақстанның басым бөлігінде жауын жауады
Liter.kz

Еліміздегі ауа райына Оңтүстік циклон әсер етеді, салдарынан желді болады, жаңбыр жауады.

5 шілдеде шығыста, оңтүстік-шығыста, солтүстікте, 6 шілдеде солтүстік-батыста, республиканың орталығында қатты жаңбыр жауады, найзағай күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін.

7 шілдеде еліміздің батыс өңірлерінде жоғары атмосфералық қысым әсерінен жауын-шашынның тоқтауы күтілуде.

Ауа температурасының күндіз батыста +18+26°С-тан +23+31°С-қа дейін, солтүстік-батыста, солтүстікте +15+23°С-тан +20+28°С-қа дейін жоғарылауы болжанады, Маңғыстау облысында +23+28°С, Маңғыстау облысының оңтүстігінде +31°с, елдің орталығында +20+28°С, Қарағанды және Ұлытау облыстарының оңтүстігінде +33°С, республиканың шығысында ауа температурасы +22+29°С, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде +33°С, Қазақстанның оңтүстігінде +30+37°С-тан +25+33°С-қа дейін төмендеуі, елдің оңтүстік-шығысында ауа температурасы +28+33°С, таулы аудандарда +23°С күтіледі.