Бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

11 шілдеде күндіз Жетісу облысының орталығында, солтүстігінде және таулы аудандарда найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Талдықорған қ.: 11 шілдеде күннің соңында найзағай күтіледі.

Күндіз 11 шілдеде Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жаңбыр, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстік-батысында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады күндіз найзағай кезінде 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі. Петропавл қ: күндіз 11 шілдеде найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Күндіз 11 шілдеде Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында 38 градусқа дейін қатты ыстық күтіледі. Облыстың батысында, солтүстік-шығысында төтенше өрт қауіпі күтіледі. Орал қ.: күндіз 11 шілдеде 35 градус қатты ыстық күтіледі.

Таңертең және күндіз 11 шілдеде Қостанай облысының оңтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың батысында, орталығында жоғары өрт қауіптілігі күтіледі.

11 шілдеде күндіз Қызылорда облысының орталығында шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың орталығында күші 15-20 м/с күтіледі. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылорда қ.: 11 шілдеде төтенше өрт қаупі сақталады.

11 шілдеде күндіз Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз найзағай кезінде екпіні 16 м/с. Облыстың батысында, оңтүстігінде 35 градус қатты ыстық күтіледі.

Күндіз 11 шілдеде Маңғыстау облысының оңтүстігінде 40 градус қатты ыстық күтіледі.

11 шілдеде Павлодар облысының оңтүстігінде найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с. Павлодар қ: 11 шілдеде солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Күндіз 11 шілдеде Атырау облысында 39 градусқа дейін қатты ыстық күтіледі. Облыстың шығысында,солтүстігінде төтенше өрт қаупі күтіледі. Атырау қ: 11 шілдеде күндіз 35-37 градус қатты ыстық күтіледі.

11 шілдеде түнде Ақмола облысының шығысында, күндіз солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде 15-20 м/с күтіледі.

Нұр-Сұлтан қ.: 11 шілдеде таңертең және күндіз найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады күндіз екпіні 15-20 м/с.