Коронавирустың таралу екпінін бағалау әдісі өзгерді

Коронавирустың таралу екпінін бағалау әдісі өзгерді

Коронавирустың өршуін бағалау әдісі өзгерді. Жаңа матрица бойынша елімздің барлық өңірі "жасыл аймақта" тұр.

Енді эпидахуал өңірлердегі ауруханалардың бос орынымен есептеледі.

Мәселен, өңірлердегі стационарға жүгінгендердің саны 2500 мен 5000-ның аралығында болса "жасыл аймаққа", 5000 мың мен 10мыңның аралығында болса "сары аймаққа" кіреді. Ал бұл көрсеткіш 10 мыңның үстіне шықса, матрицаны бағалау түсі "қызылды" көрсетеді.  Сондай-ақ алдағы айлардың болжамы да белгілі. Пессимистік сценарий бойынша елімізде күніне 4000 науқас тіркеледі деп күтілуде. Ал реалистік тұрғыдан қарасақ, 2400 адам қоронавирус жұқтыруы мүмкін. Ал оптимистік сценарий күніне 1000 жағдайды көрсетіп тұр. Сонымен қатар шетелдерде коронавирустың жаңа штамы анықталған жағдайда елге кіріп шығу шектелуі мүмкін.