ТЖД алматылықтарға ескерту жасады

Төтенше жағдайлар департаменті аптап ыстыққа байланысты алматылықтарға ескерту жасады.

Қазгидрометтің мәліметінше, 17 шілде күні ауа температурасы 36 градусқа дейін ыстық болуы мүмкін.

Ол жүрек-қан тамыры аурулары, артериялық гипертониясы бар және инфаркт пен инсультке шалдыққан адамдар үшін қауіпті. Мамандар аптап ыстық басылғанша үйден шықпауға, қан қысымын қадағалап отыруға кеңес береді.