Нұр-Сұлтан және Жезқазған қалалары арасындағы рейстер саны артады

Нұр-Сұлтан және Жезқазған қалалары арасындағы рейстер саны артады
Tengri Travel

ҚР премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Склярдың Ұлытау облысының әуе қатынасын дамыту жөніндегі тапсырмасын іске асыру шеңберінде Азаматтық авиация комитеті мен «QAZAQ AIR» АҚ Ұлытау облысының жаңа облыс орталығы мен астана арасындағы әуе қатынасын екі еседен астам ұлғайту туралы шешім қабылдады.

Осылайша 2022 жылдың 15 тамызынан бастап QAZAQ AIR әуекомпаниясы Нұр-Сұлтан қаласынан Жезқазған қаласына аптасына орындалатын рейстер санын 3-тен 7-ге арттырды.  

Нұр-Сұлтан – Жезқазған – Нұр-Сұлтан бағытындағы рейстер күн сайын орындалатын болады.