Пәтерді жалға алу үшін eGov порталында келісім-шарт жасалады

Егов кз порталында пәтерлерін жалға берушілерге арналған электронды келісімшарттар пайда болуы мүмкін.

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин осындай ұсыныс жасады. Оның айтуынша, қызметтің бұл түрі 2 тарап үшін де ыңғайлы болады. Яғни үйін жалға беретін азамат пен оны алатын адам аз уақыт ішінде құжатқа қол қоя алады. Электронды келісім-шарт енгізілсе, пәтер ақысын шарықтату және үйден шығарып жіберу деректерін тоқтатуға болады.