Қарағанды облысының аумағында күннің көзі көрінбейді
Қарағанды облысының аумағында күннің көзі көрінбейді. Қар борап, осы өңірден өтетін барлық республикалық маңызы бар тас жол мен облыс ішіндегі жолдар жабылды.
Патрульдік полиция қызметкерлері күшейтілген жұмыс режиміне көшті. Қарағандыдан Алматыға қарай 30 шақты, ал Астана бағытында тағы 200-ге жуық көлік жолда қалған. Қазір полицейлер жолаушыларға көмек көрсетіп жатыр. Бұдан бөлек, Қарағандыдан Ұлытауға қарай шығатын жол да жабық.