Ауа райына байланысты жеті өңірде ескерту жарияланды

Бүгін еліміздің 7 өңірінде күн райы күрт бұзылады деп ескерту жасап отыр Казгидромет.

Солтүстікте, Ақмола облысын және Ақтөбенің шығысын тұман торлайды, жылдамдығы секундына 18 метрге дейін жел тұрады. Түркістан облысының таулы аймақтары мен Жетісу өңірінде жаңбыр, қар жауады. Ал Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстарында қар күрт еріп, өзен-көлдердегі су деңгейі біршама көтеріледі.