Алдағы тәулікте ауа райы құбылмалы болады

Қазгидрометтің хабарлауынша күннің көзі әзір жібімейтін түрі бар.

Солтүстік тұрмақ, оңтүстіктің өзінде кей аумақта күн ызғырып тұр. Ертең елдің бірқатар өңірінде жел күшейеді. Батыс Қазақстанда тұман түсіп, көктайғақ болады. Желдің екпіні секундына 20 метрге дейін барады  деген болжам бар. Қызылорда өңірін қалың тұман басса, солтүстікте боран соғады. Петропавлда да жел ызғырып, жылдамдығы секундына 28 метрге жетеді. Қостанай жақта да боран болады. Ақмола, Павлодар, Түркістан облыстарында қатты жел тұрады.