Тоғыз өңірде ауа райы туралы ескерту жарияланды

Қыстың соңғы күні тоғыз өңірінде дауылды ескерту жарияланды.

Бүгін елміміздің басым бөлігінде тұман түсіп, көктайғақ болады.

Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Ақмола облыстарында жел соғып, бұрқасын күтіледі. Маңғыстау мен Атырауда және Қызылордада қолайсыз ауа райы байқалады. Синоптиктердің болжауынша Қостанай мен Павлодар облысының басым бөлігінде қар аралас жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан күшті жел соғып, бұрқасынға ұласуы мүмкін.  Солтүстік Қазақстанда да қар жауады. Астанада  жел тұрып, көктайғақ болады.