Банкроттыққа өтініш қабылдауға арналған жүйе дайын

Банкроттыққа өтініш қабылдауға арналған жүйе дайын

Жеке тұлғалардан банкроттыққа өтініш қабылдауға арналған ақпарттық жүйе толық дайын.

Қаржы министрлі өкілдерінің айтуынша, арыздардың басым бөлігін онлайн түрде алу жоспарланып отыр. Ол үшін банктермен 40 интеграциялық жұмыс жүргізілді. Жүйе сынақтан өткізілді және өтінімдерді қабылдауға дайын. Айта кету керек, жеке тұлғалардың банкроттығын іске асыру мерзімі шектелмеген. Ал қарызы бар азаматтардың 95%-і соттан тыс процедураға қатыса алады. Ол үшін борышкердің берешегі 5,5 млн теңгеден аспауы керек. Сондай-ақ, азаматтың мүлкі болмауы тиіс. Бұл рәсімді қарызын 12 ай бойы өтей алмаған қазақстандықтар қолдана алады. 

Ержан Біржанов, ҚР Қаржы вице-министрі:

- Атаулы әлеуметтік көмек алушылар үшін 12 ай ішінде төлемнің болмауы туралы критерий қолданылмайды. Қазіргі таңда барлық борышкерлердің шамамаен 1,1 млн қарызы бар азаматтың 95% осы соттан тыс процедураға қатыса алады. Бұл процедура онлайн түрде өткізіледі.