Еліміздің 5 өңірінде күн суытады

Келер аптадан бастап елдің 5 өңірінде күн суытады.

Атап айтқанда Алматы, Түркістан, Ақтөбе мен Қостанай және Жетісу облыстарында жел екпіні секундына 25 метрге дейін жетуі мүмкін. Қазгидромет мамандарының болжамынша, қалың тұман түсуі де ықтимал. Ауа райының қолайсыздығына байланысты қазір Қостанай, Ақмола және Абай облыстарында 3 жол учаскесінде көлік қозғалысы шектелді.