Солтүстікте ауа райы құбылмалы болады
Бүгін солтүстік өңірлерде аздаған бұрқасын жүріп, көктайғақ болады.
Синоптиктердің мәліметінше, Петропавлда боран соғады. Желдің екпіні секундына 28 метрге дейін барады. Солтүстік Қазақстан облысының кей аймағына тұман түседі. Қолайсыз ауа райы Ақмола облысының батысында да сақталады. Күндіз көктайғақ, түнде тұман басады.