Еліміздің бірқатар өңірінде ескерту жарияланды

Ауа райының бұзылуына байланысты еліміздің бірқатар өңірінде ескерту жарияланды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ақмола облысында бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Солтүстік Қазақстан облысында желдің екпіні секундына 20 метрге жетеді. Батыс Қазақстан облысында бұрқасын, көктайғақ. Жетісу облысының таулы аудандарында найзағай, бұршақ жауады. Түркістан, Жамбыл облыстарында қар аралас жаңбыр жаууы ықтыимал. Астанада бұрқасын, жел күшейеді, деп болжайды Қазгидромет. Ал ауа райының қолайсыздығына байланысты жабылған  Астана-Қоралжын, Астана-Теміртау, Астана-Щучинск бағытындағы жолдар ашылды, деп хабарлайды ҚазАвтоЖол компаниясы.