Қарағанды облысында барлық бағыттағы жолдар ашылды

Қарағанды облысында қар басылып, барлық бағыттағы жолдар ашылды.

Қаңтарылып тұрған жүзден астам жүк көлігі қозғалысын жалғастырты. Өңірде екі күн бойы жаңбыр жауып, соңы қарға ұласып, автобанның бетіне мұз қатқан болатын. Көктайғақтың кесірінен 5 бірдей бағытқа қатынас шектелді. Түні бойы құтқарушылар жолда қалған 63 адамды қауіпсіз жерге жеткізіп, ыстық тамақ пен жылы орын ұйымдастырған. Кейінгі екі күнде өңірде 28 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 1 адам мерт болды.

Талғат Оспанов, жергілікті полиция басқармасы басшысының орынбасары:

- Қазіргі таңда ауа-райы түзеліп, күн ашылып, қозғалыс қалыпқа келді. Егер де қар, жаңбыр болмаса жол жабу жоспарда жоқ әзірше.