Құралайдың салқыны басталды

Бүгін-ертең оңтүстіктен өзге барлық өңірде күн бүгінгіден де суытады.

Атырау ,Маңғыстау, Орал мен Солтүстікте және Арқада күн күркіреп, кей жерлерде желдің екпіні 20 метрге дейін жетеді. Сарыарқаның мына шеті Қостанай мен екінші шеті Павлодар төңірегінде де осындай. Ақтөбеде жауын селдетеді. Мамыр айында күннің бұлай құбылуын қазақ құралайдың салқыны деп атаған. Өйткені осы мезгілде киік төлдейді.