Жетісу облысында үш күн қатарынан үсік болады

Ертеңнен бастап Жетісу облысында 3 күн қатарынан қатты үсік жүреді.

Сынап бағаны түнде 6 градусқа дейін, ал таулы аймақтарда 9 градусқа дейін  төмендейді. Желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Достық станциясы Жалаңашкөл маңында қатты дауыл тұрып, жел екпіні 28 метр секундқа дейін жетуі мүмкін. Қазгидромет мекемесінің болжамы осындай. Сол себепті ауылшаруашылық құрылымдары үсік кезіндегі қауіптің алдын алу шараларын жүргізуі тиіс. Өйткені таулы аудандарда жаңбыр жауып, оның соңы қарға ұласуы мүмкін, дейді мамандар.

Айнұр Бәйменова, инженер-синоптик:

- 5, 6, 7 күндері мамыр айының осы үсік сақталады. Күндізгі температура аздап жылынады. 5 күні 16 градусқа дейін жылынса, 6 күні 18, 7 күні 20 градусқа дейін жылынады деп күтіп отырмыз. Үсіктің алдын алу шараларын енді әр шаруа қожалықтары өздері алдын алуы керек.